Қарағанды облысында жол жөндеу жұмыстары кестеде көрсетілген мерзімнен бұрын аяқталды

29.10.2020    Көрулер: 172
«ҚазТрансОйл» АҚ Атасу кентінен бастап Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Мұқажан Жұмажанов ауылынан өтетін «Атасу» бас мұнай айдау станциясына дейінгі Жаман-Сарысу өзені арқылы өтетін көпірлі автокіреберіс жолына жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтады.
Шарттың талаптарына сәйкес жолды ағымдағы жөндеуді жүзеге асыратын мердігер ұйым барлық жұмыстарды 2020 жылдың 30 қарашасына дейін аяқтауы керек еді. Бірақ күзгі кезеңдегі суықтың және мол жаңбырдың ескере отырып, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарының жол жүруіне ыңғайлы болуы үшін жолды жөндеу жұмыстарын кестеде көрсетілген мерзімнен бұрын аяқтады.


Сонымен қатар, жолдың екі шетіндегі жолдың жүріс бөлігінің жиектері жөнделді. Жаман-Сарысу өзені арқылы өтетін темір-бетон көпірінің қоршаулары мен тіреуіштері боялған. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 41 жол белгісі орнатылды.
Аталған жолды жөндеуге «ҚазТрансОйл» АҚ 65 млн теңге бөлді. Жөнделген жолдың ұзындығы - 3252 м, жолдың жүру бөлігінің ені – 6 м.
Жол «ҚазТрансОйл» АҚ-тың теңгерімінде тұр және жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін қолжетімді.
Анықтама үшін:
«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральді мұнай құбырының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың тобына кіреді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құяды), темір жол (цистерналарға құяды), КҚК жүйесіне ауыстырып тиейді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар