Fitch Ratings «ҚазТрансОйл» АҚ рейтінгін «ВВВ-» деңгейінде болжаммен «Тұрақты» деп растады.

13.11.2020    Көрулер: 250
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ  Fitch Ratings Ltd агенттігінің шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растағаны туралы хабарлайды. Болжам - «Тұрақты»

2020 жылғы 11 қарашада Fitch Ratings (бұдан әрі - Fitch) халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – ҚТО) шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады. Болжам - «Тұрақты».

Fitch ҚТО рейтингтері оның күшті операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсететінін атап өтті. ҚТО Қазақстан Республикасында мұнай тасымалдау секторында ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар үстем позицияны сақтап отыр. ҚТО тікелей мұнай бағасының ауытқуына ұшырамайды, ал бұл оның бизнес-бейіні үшін қолайлы фактор болып табылады.

Fitch «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингінің деңгейін («ВВВ-»,  «Тұрақты» болжам) және реттеуші орта ұстап тұрған «bbb» рейтингтік санатына сәйкес келетін ҚТО жеке операциялық бейінін бағалайды.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар