Қазақстан Республикасының ішкі нарығына «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырларымен мұнай айдау қызметіне тарифті бекіту туралы

30.11.2020    Көрулер: 287
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қарашадағы №71-НҚ бұйрығымен «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке 2021-2025 жылдарға арналған тарифтік смета мен тариф 1000 км 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 4 355,57 теңге мөлшерінде бекітілгенін хабарлайды. Аталған тариф 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
   
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар