«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылға дейін HSE саласында даму басымдықтарын белгіледі

02.12.2020    Көрулер: 365
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ 2021-2023 жылдарға арналған денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы дамудың басым бағыттарын айқындады. Бұл туралы III жыл сайынғы HSE (Health, Safety & Environment) онлайн-форумында «ҚазТрансОйл» АҚ басқарушы директоры Қайрат Сейітмағамбетов хабарлады.

«Біздің жаһандық мақсатымыз – «Qauipsiz bolashaq»(Қауіпсіз болашақ - Безопасное будущее). Барлық көрсеткіштер мен оқыс оқиғалардыі талдай келе, біз алдағы үш жылға арналған үш басты бағытты белгіледік. Біріншісі - еңбекті, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғаудың жүйелі менеджменті. Екіншісі - қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Үшіншісі - енгізу құралдары. Бұл ретте жұмыскерлердің көшбасшылығына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Алтын қағидалар» кодексінің талаптарын орындауға баса назар аударылатын болады», - деді Қайрат Сейітмағамбетов.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов атап өткендей, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында соңғы бес жылда өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың коэффициенті 86%-ға, жарақаттану коэффициенті - 38%-ға, жол-көлік оқиғаларының коэффициенті - 42%-ға төмендеді. Алғашқы рет «ҚазМұнайГаз»» ҰК АҚ компаниялар тобының көрсеткіштері жарақаттану және жол-көлік оқиғалары көрсеткіштері бойынша Мұнай және газ өндірушілері халықаралық қауымдастығының (IOGP) көрсеткіштерінен төмен болды. «Бүгінгі таңда біздің алдымызда жалпы міндет тұр - 2020 жылды еңбек қызметіне байланысты өлім жағдайларынсыз аяқтау, сондай-ақ HSE көрсеткіштерін үнемі жақсарту», - деп атап өтті ол.

Онлайн-форум барысында өндірістегі өлім жағдайларының нөлдік көрсеткіші тұжырымдамасын Total компаниясы HSE жобасының жетекшісі Сирилл Сэнтони таныстырды.

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ISSA) бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски «Vision zero» қауіпсіздік мәдениетінің ерекшеліктері туралы айтып берді.

«Газпромнефть-ГЕО» ЖШҚ экологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ирина Багаутдинованың баяндамасында өнеркәсіптік компаниялардың біздің планетамызға және экологиямызға әсер ету мәселелері қаралды.

Royal Dutch Shell Plc қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық менеджері Ирен Токсопеус HSE саласындағы жеке және ұйымдастырушылық жауапкершілік туралы істерімен бөлісті.

Форум аясында HSE бойынша арнайы конкурстардың қорытындылары шығарылды. Осылайша, «ҚазТрансОйл» АҚ-та «Үздік құрылымдық бөлімшесі» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орынды - Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы, екінші орынды - Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы, үшінші орынды - Павлодар мұнай құбыры басқармасы иеленді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 50 жұмыскері қауіпсіздік амбассадоры атағына ие болды.
HSE бойынша ең креативті челлендждің авторы Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы «Құмкөл» ЖПУ ЭХҚжЖВЖ-ның аға шебері Марат Молдабаев болды. Аталған байқаудың жүлдегерлері - Атырау мұнай құбыры басқармасының АҚКП желілік құбыршысы Алтынбек Мұғиев (2-орын), Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының ӘАБЖ инженері Айбек Мұстафа (3-орын).

Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының газ-электр дәнекерлеушісі Константин Никонов «Менің қауіпсіз жұмыс орным» байқауында жеңіске жетті. Екінші орынды Атырау мұнай құбыры басқармасының сүңгуірі Виктор Кушнаренко, үшінші орынды Жезқазған мұнай құбыры басқармасының тауарлық операторы Темірғали Жуанышбаев иеленді.
Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды:«Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті 
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар