«ҚазТрансОйл» АҚ пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ 2021 жылғы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

10.12.2020    Көрулер: 382
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань Қазақстан Республикасының аумағындағы «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ мұнай құбыры жүйесі объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және авариялық ден қою бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшарттың орындалуы мәселелерін талқылады. Тараптар, сондай-ақ, 2021 жылғы ынтымақтастықтың басымдықтарын белгіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ-пен 2018-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аумағындағы «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ мұнай құбыры жүйесі объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және авариялық ден қою бойынша қызметтер көрсету келісімшартына қол қойған болатын.
Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды:«Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті 
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар