Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен!

15.12.2020    Көрулер: 242
Құрметті әріптестер!

Сіздерді – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік жылдары татулықты ту еткен Қазақ елін, бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп таниды. Тәуелсіздік жылдары ортақ Отанымыздың  бағындырған белестері көп. Ол тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Бүгінгі күні болашағы айқын Тәуелсіз мемлекетіміз барлығымыздың ортақ мақтанышымыз. Сіздерді мерекемен құттықтай келе, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, берекелі бірлік пен баянды тірлік тілейміз! 

Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын! 
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар