«ҚазТрансОйл» АҚ-та корпоративтік этика мәселелері талқыланды

21.12.2020    Көрулер: 356
Дереккөз: Баспасөз қызметі
ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Данияр Мұхамед-Рахимнің төрағалығымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені Анатолы Тегісбаевтың, «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмені Серік Ақбергеновтің, «ҚазТрансОйл«АҚ жекеленген құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен селекторлық онлайн-кеңес өтті.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Данияр Мұхамед-Рахим хабарлағандай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың тапсырмасына сәйкес «ҚазТрансОйл«АҚ жекеленген құрылымдық бөлімшелерінің ұжымдарындағы моральдық-этикалық ахуалды бағалау үшін жұмыскерлерге сауалнама жүргізілді.
«Біздің корпоративтік мәдениетіміз құрмет пен адалдық, командалық рух пен сенім, адалдық пен әділдік құндылықтарына негізделеді. Еңбек ұжымдарында ашық диалог құпталады. Бұл мәселенің қаншалықты тиімді шешіліп жатқанын білу үшін сауалнама жүргіздік», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Данияр Мұхамед-Рахим.

«ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмені Серік Ақбергенов атап өткендей, сауалнама нәтижелері жұмыскерлердің этикалық нормаларды сақтауы, ұжымда сындарлы ынтымақтастықты дамыту бойынша қосымша шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Компанияда толеранттылық, тілектестік және әдептілік мәдениеті қалыптасқан. Барлық деңгейдегі жұмыскерлердің әдепке жат қылықтарға жол бермеуі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы бұл мәселеде белсенді көмек көрсетуде», - деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмені Серік Ақбергенов.

«ҚазМұнайГаз«ҰК АҚ омбудсмені Анатолы Тегісбаевтың бағалауы бойынша, коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында «ҚазТрансОйл» АҚ еңбек ұжымдарында сенім ахуалын сақтау бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобының барлық жұмыскерлері Іскерлік этика кодексінің нормаларын қатаң сақтауы маңызды. Осы жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ Іскерлік этика кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша арнайы оқыту бағдарламасын әзірледі. Жұмыскерлердің көпшілігі корпоративтік этиканың негізгі қағидаттарын білу бойынша оқудан және тестілеуден өткен. Осындай оқытуды «ҚазТрансОйл» АҚ-та да жүргізу қажет, - деп ұсынды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені Анатолы Тегісбаев.
Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды:«Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Нұр-Султан қ., Шымкент қ., Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті 
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар