Ақтаудағы «ҚазТрансОйл» АҚ объектісінде азот диоксиді шығарындыларының көлемі 2020 жылы белгіленген лимиттің 5,9%-ынан аспайды

31.12.2020    Көрулер: 328
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Ақтау» бас мұнай айдау станциясында (БМАС) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсатында белгіленген азот диоксидінің рұқсат етілген шекті концентрациясынан аспауы тиіс. Бұл факт «Nomad eco» ЖШС тәуелсіз аккредиттелген зертханасы жүргізген өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерімен расталады.

«Ақтау» БМАС-та азот диоксиді шығарындыларының көздері дизельді электр станциясы, дәнекерлеу бекеті болып табылады. 2020 жылы дизель станциясында азот диоксиді шығарындыларының көлемі 0,002 тоннаны немесе белгіленген лимиттің 2,2%-ын, дәнекерлеу бекетінде - 0,001 тоннаны немесе белгіленген лимиттің 5,9%-ын құрады.

Ақтау БМАС-та метан шығарындыларының көздері жоқ.

«ҚазТрансОйл» АҚ барлық өндірістік объектілердегі атмосфералық ауаның жай-күйі бойынша өндірістік экологиялық бақылауды қамтамасыз етеді. Бақылау нәтижелері бойынша есептер тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға жіберіледі.
Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды:«Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және  ішкі коммуникациялар департаменті 
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар