«ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылы мұнай тасымалдау көлемі 42,3 млн тонна құрады

15.01.2021    Көрулер: 377
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ  2020 жылдағы өндірістік қорытындыны шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек  42 млн 298 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл  2019 жылдағыдан 2 млн 166 мың тоннаға немесе  5% төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек  мұнай жүкайналымы 35 млрд 899 млн тонна-километр құрады, бұл 2019 жылдағы осындай көрсеткіштен  1 млрд 759 млн тонна-километрге аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ  шоғырланған мұнай жүкайналымы 43 млрд 757 млн тонна-километр құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1 млрд 824 млн тонна-километрге кем.

2019 жылмен салыстырғанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі   1 млн 273 мың тоннаға немесе 8% төмендеп,  15 млн 610 мың тонна мұнай құрады. Атырау мұнай өңдеу зауытына - 4 млн 962 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 4 млн 796 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауытына - 4 млн 998 мың тонна, «CASPI BITUM» БК» ЖШС - 854 мың тонна жеткізілді.

«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының  «Атырау-Самара» учаскесі бойынша  мұнай тасымалдау көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 150 мың тоннаға ұлғайып,  14 млн 478 мың тонна құрады.

«ТОН-2» мұнай құбырының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан учаскесі бойынша  10 млн 942 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл  2019 жылмен салыстырғанда 61 мың тоннаға кем.  

«Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына 10 млн 550 мың тонна мұнай және 502 мың тонна мұнай «Каспий Құбыры Консорциумы – Қ» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне  аустырып тиелді. 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіштер тиісінше  297 мың тоннаға және 1 млн 268 мың тоннаға төмендеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдаланумен Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю 2 млн 98 мың тонна құрады, бұл  2019 жылдағыдан 78 мың тоннаға артық.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 15 млн 883 мың тонна тасымалданды, бұл  2019 жылдағы деңгейден 317 мың тоннаға төмен. Жүкайналымы 14 млрд 368 млн тонна-километр құрады, бұл 2019 жылғы нәтижеден 222 млн тонна-километрге аз.

«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша  мұнай тасымалдау көлемі 3 млн 321 мың тонна құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда  89 мың тоннаға артық. 2020 жылы жүкайналымы да  90 млн тонна-километрге ұлғайып, 1 млрд 322 млн тонна-километр құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялары тобы мен «Petrotrans Limited» компаниясы бойынша  есепті кезеңде мұнайды, мұнай өнімдерін және газды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 51 мың тонна құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 194 мың тоннаға артық.

«Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» сутартқышы бойынша Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 28 млн 406 мың тек. м. ауызсу берді, 2019 жылмен салыстырғанда су жеткізу көлемінің төмендеуі  495 мың тек. м. құрады.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС – «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын иеленетін  «ҚазТрансОйл» АҚ   (50 %) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. (50 %) бірлескен кәсіпорны.  

«МұнайТас» ЖШС – «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған «ҚазТрансОйл» АҚ (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49 %) бірлескен кәсіпорны.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) – «ҚазТрансОйл» АҚ (100 %) еншілес ұйымы. БМТ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иелену және басқару жүзеге асырылады.

«Petrotrans Limited» жауапкершлігі шектеулі жеке компания (PTL) – «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымы (100 %). PTL кавказ дәлізі бойынша жүктерді жөнелту қызметтерін көрсетеді, Грузия арқылы Каспий өңірінен тасымалдау қызметтерін көрсетеді және  мұнай және мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі қызметтерді көрсетумен байланысты кәсіпкерлік және операциялық қызметті жүзеге асырады.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін иеленеді. «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық сутартқышының меншікті иесі болып табылады.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар