Бүгін «ҚазТрансОйлдың» құрылғанына - 24 жыл

02.04.2021    Көрулер: 123
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Құрметті әріптестер!
 
Бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ-на 24 жыл толып отыр. Біздің әрқайсымыз үшін бұл үлкен мереке.


Біз компаниямыздың қалыптасу тарихымен мақтанамыз. Ол бейбіт уақытта көптеген елеулі ерліктерге толы болды. Сол жылдары Қазақстан мұнайын экспорттаудың ірі баламалы бағыттары салынды. Құбырлар адам сенгісіз жағдайлар мен аз уақыт ішінде салынып үлгерді. Бұл әрине біздің қызметкерлеріміздің жанқиярлығы мен кәсібилігінің арқасында жүзеге асты.

Біз «ҚазТрансОйл«АҚ-ның тұрақты дамып келе жатқан болашағына сенеміз. Ол үшін бізде барлығы бар: жоғары білікті мамандар, жаңа технологиялар, инвестициялар. Бірақ ең бастысы – бұл біздің компаниямыздың өркендеу жолындағы орасан игі тілегіміз бен күнделікті нақты істеріміз болмақ.

Біз коронавирус пандемиясы жағдайында да бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Өндірісшілерімізге табандылық пен тәртіп, келісім және нақты іс-әрекеттер жасай білгені  үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздердің арқаларыңызда, сыртқы қатерлерге қарамастан, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп келеді.

Құрметті әріптестер, біз барынша тиімді түрде жұмыс істейміз, өйткені біздің мақсатымыз айқын – біз қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз! Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, бақыт және барлық жақсылықты тілейміз.


Басқа жаңалықтар