«ҚазТрансОйл» АҚ-тағы мұнай тасымалдау көлемі 2021 жылдың I тоқсанында 10,2 млн тоннаны құрады

21.04.2021    Көрулер: 164
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылдың I тоқсанындағы өндірістік қорытындыларды шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке 10 млн 238 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 272 мың тоннаға аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен жеке мұнайдың жүк айналымы 8 млрд 656 млн тонна-шақырымды құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас көрсеткіштен 322 млн тонна- шақырымға аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 10 млрд 667 млн тонна- шақырымды құрады, бұл 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 70 млн тонна- шақырымға аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіші деңгейінде сақталып, 4 млн 69 мың тонна мұнайды құрады. Атырау мұнай өңдеу зауытына 1 млн 182 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 1 млн 347 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауытына 1 млн 391 мың тонна, «CASPI BITUM» БК»  ЖШС-ге 150 мың тоннаға жеткізілді.

2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 33 мың тоннаға азайып, 3 млн 295 мың тоннаны құрады.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 2 млн 666 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58 мың тоннаға кеміген.

«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбыры арқылы 2 млн 524 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді, көрсеткіш 2020 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 54 мың тоннаға артқан.

Мұнайды «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу көлемі 142 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштерге қарағанда 236 мың тоннаға кеміген.

«ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалана отырып Ақтау портындағы танкерлерге мұнайды құю 526 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылғы 1 тоқсанның көрсеткішімен салыстырғанда 2 мың тоннаға кеміген.

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 4 млн 89 мың тонна тасымалданды, бұл 2020 жылдың ұқсас көрсеткішінен 389 мың тоннаға артық. Жүк айналымы 3 млрд 625 млн тонна- шақырымды құрады, бұл 2020 жылдың 1 тоқсанындағы нәтижеден 320 млн тонна-шақырымға артық.

«МұнайТас» ЖШС-ның мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 943 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылғы 1 тоқсанға қарағанда 386 мың тоннаға артық. Жүк айналымы 182 миллион тонна-шақырымға артып, 390 миллион тонна-шақырымды құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ және «Petrotrans Limited» компанияларының тобы бойынша есепті кезеңде мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 393 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 207 мың тоннаға артық.

Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры бойынша «Магистральдық Суағызғы» ЖШС 6 млн 133 мың текше метр тұщы су берді, 2020 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда су жеткізу көлемі 469 мың текше метрге төмендеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесіне ие. «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағарының меншік иесі болып табылады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың еншілес ұйымы (100 %). БМТ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иелену және басқару жүзеге асырылады.

«Petrotrans Limited» (PTL) жауапкершілігі шектеулі жеке компаниясы – «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымы (100 %). PTL Күнгей Кавказ дәлізі бойынша жүктерді экспедициялау қызметтерін, Каспий өңірінен Грузия арқылы көлік қызметтерін көрсетеді және мұнай мен мұнай өнімдерін экспедициялау қызметтерін көрсетумен байланысты кәсіпкерлік және операциялық қызметті жүзеге асырады.

«Қазақстан-Қытай құбыры»  ЖШС – «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырларына иелік ететін «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (50 %) және «Кеңқияқ-Құмкөл» мен China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. (50%) компаниясының біріккен кәсіпорны.      

«МұнайТас» ЖШС – «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) компаниясының бірлескен кәсіпорны.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар