«ҚазТрансОйл» АҚ Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ-» деңгейінде, болжам - «Тұрақты» деп растағанын хабарлайды.

07.07.2021    Көрулер: 103
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылғы 2 шілдеде Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «ВВВ-» деңгейінде, болжам - «Тұрақты» деп растағанын хабарлайды.

Рейтинг Fitch Ratings сайтында расталды және жаңартылды.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар