«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған түсімі 2021 жылдың I жартыжылдығының қорытындылары бойынша 116 млрд 803,8 млн теңгені құрады

18.08.2021    Көрулер: 198
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған түсімі 2021 жылдың I жарты жылдығының қорытындылары бойынша 116 млрд 803,8 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың I жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 2% төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған таза пайдасы 2021 жылдың I жарты жылдығының қорытындылары бойынша 33 млрд 853,4 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың I жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 11% төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ жеке түсімі 2021 жылдың I жарты жылдығының қорытындылары бойынша 106 млрд 239,2 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың I жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 3% төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ жеке таза пайдасы 2021 жылдың I жарты жылдығының қорытындылары бойынша 26 млрд 931,5 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың I жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 23% төмен.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС  теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар