Жалпы ұзындығы 16 км «Прорва - Құлсары» магистральдық мұнай құбырының учаскелері реконструкциялаудан өткеннен кейін пайдалануға берілді

23.08.2021    Көрулер: 236
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзындығы 16 км-ді құрайтын «Прорва – Құлсары»  магистральдық мұнай құбырының 0-3 км, 21-33 км, 37-38 км учаскелеріндегі жаңадан салынған құбырды қосу жұмыстарын аяқтады.

«Прорва - Құлсары» магистральдық мұнай құбыры учаскелерін реконструкциялағаннан кейін пайдалануға беру жұмыстарын «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау, Павлодар, Қарағанды және Маңғыстау мұнай құбыры басқармаларының 191 жұмыскері орындады. 58 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

«Прорва - Құлсары» магистральдық мұнай құбырының құбырының реконструкциясы «Прорва - Құлсары» магистральдық мұнай құбыры құбырының учаскелерін ауыстыру арқылы күрделі жөндеу «Прорва - Құлсары» ММҚ-дағы ТжДҚ іске қосу камерасы арқылы 0-3 км, 4-6 км, 9-12 км, 13-15 км, 21-33 км, 37-38 км, 39-43 км, 46-50 км, 60-64 км, 73-76 км, 90-95 км, 100-101 км учаскелерінде құбырды ауыстыру арқылы күрделі жөндеу жүргізу» (1-ші және 2-ші кезек) жобасы аясында жүргізілді.

«Прорва - Құлсары» магистральдық мұнай құбыры 1986 жылы пайдалануға берілді, Атырау облысы кен орындарының мұнайын экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдау үшін «Өзен - Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырына қосылған. Оның ұзындығы 103 км-ді құрайды, жобаның өткізу қабілеті – жылына 7,01 млн тонна мұнай, нақты өткізу қабілеті – жылына 3,4 млн тонна мұнай.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар