«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының «Тасымалдау» бөлігінде екпе алған жұмыскерлердің саны бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ көш бастап тұр

15.09.2021    Көрулер: 187
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың жыл сайынғы VI бас директорларының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Қауіпсіз болашақ жолында» форумында «Жұмыскерлердің екпені алуы және денсаулықты қорғаудағы үздік көрсеткіштер» номинациясы бойынша көшбасшылар анықталды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының «Тасымалдау» бөлігінде коронавирусқа қарсы екпе алған жұмыскерлердің саны бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ көш бастап тұр. Компанияда жұмыскерлердің 80%-ы егілді, бұл 5,5 мың адамды құрайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та жұмыскерлердің екпені алуы 2021 жылғы сәуірден бастап жүргізіледі, акционерлік қоғамның жұмыскерлері емханаға тіркелген жері бойынша, сондай-ақ өндірістік объектілерде екпе ала алады.

Сондай-ақ, форум аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жүргізіп отырған жұмыстарына оң баға берілді. Екінші жыл қатарынан «ҚазМұнайГаз» тобындағы мұнай-газ компаниялары арасындағы компанияның экологиялық жауапкершілік саласындағы ашықтық рейтингіне қатысып, үздік үштікке ілініп отыр. Рейтинг жеңімпаздарын іріктеу кезінде экологиялық менеджмент, қоршаған ортаға әсер ету, ақпаратты ашу сияқты өлшемшарттар ескеріледі.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар