2021 жылдың 9 айында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемі 30,8 млн тоннаны құрады

20.10.2021    Көрулер: 129
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірістік қорытындыны шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 30 млн 824 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың 9 айына қарағанда 918 мың тоннаға төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 млн 364 мың тоннаға ұлғайып, 12 млн 755 мың тоннаны құраған. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға 4 млн 25 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ға  3 млн 664 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ға 4 млн 316 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС-ға 750 мың тонна мұнай жеткізілді.

«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 9 млн 38 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 млн 46 мың тоннаға төмен.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 8 млн 256 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103 мың тоннаға артық.

«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 8 млн 201 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 297 мың тоннаға артты.

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі   361 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың 9 айының көрсеткішінен 111 мың тоннаға төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың қуаттарын пайдалана отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнай құю 1 млн 573 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың 9 айының көрсеткішімен салыстырғанда 15 мың тоннаға артық.

Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнайдың жүк айналымы жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 26 млрд 54 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 978 млн тонна-километрге төмен.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 32 млрд 527 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың 9 айына қарағанда 280 млн тонна-километрге төмен.

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 13 млн 30 мың тонна тасымалданды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 1 млн 388 мың тоннаға артық. Мұнай жүк айналымы 11 млрд 683 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың 9 айының нәтижесінен 1 млрд 73 млн тонна-километрге артық.

«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 3 млн 47 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың 9 айына қарағанда 696 мың тоннаға артық. Мұнай жүк айналымы 317 млн тонна-километрге артып, 1 млрд 237 млн тонна-километрге жетті.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компанияларының тобы бойынша мұнайды, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып құю көлемі 995 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 195 мың тоннаға артық.

Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры бойынша «Магистральдық Суағызғы» ЖШС 22 млн 916 мың текше метр тұщы су берді, 2020 жылдың 9 айымен салыстырғанда су жеткізу көлемінің ұлғаюы 630 мың текше метрді құрады.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар