«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

28.10.2021    Көрулер: 141
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында «ҚазТрансОйл» АҚ тәуелсіз директоры Алмасбек Мұхашовтың 2021 жылғы 28 қазаннан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ тәуелсіз директоры ретіндегі өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабарлама беруіне байланысты өзгерістер болды.

Алмасбек Мұхашов 2019 жылдың 28 қаңтарынан бастап Тәуелсіз директор қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Данияр Берлібаев («ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы), Димаш Досанов («ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы), Винишиус Агостини (тәуелсіз директор), Адриан Фрейсине (тәуелсіз директор) кіреді.
   
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар