«ҚазТрансОйл» АҚ ISO/IEC 27001:2013 ақпараттық қауіпсіздік саласындағы менеджмент жүйесіне сәйкестік сертификатын алды

02.11.2021    Көрулер: 126
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ SAP ERP жүйесінің FI модулі негізінде «ҚазТрансОйл» АҚ қаржылық құжаттамасын жүргізу процесіне қатысты, сондай-ақ аутсорсинг компаниясы орындайтын SAP ERP жүйесінің FI модуліне қызмет көрсетуге қатысты ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады.

Инспекциялық аудитті «ТЮФ АУСТРИЯ Стандарттар және Сәйкестік» ЖШС халықаралық сертификаттау органы жүргізді. Сертификаттаудан өту «ҚазТрансОйл» АҚ ақпараттық жүйелері мен активтерінің қауіп-қатердің әсерінен қорғалуының жоғары деңгейін куәландырады.

2007 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ ISO/IEC 27001:2005 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келуге табысты сертификатталған Қазақстандағы алғашқы компания болды.

 
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар