«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған таза пайдасы 2021 жылдың 9 айдың қорытындылары бойынша 49,307 млрд теңгені құрады

15.11.2021    Көрулер: 106
Дереккөз: Баспасөз қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған түсімі 2021 жылдың 9 айдың қорытындылары бойынша 117 млрд 126,98 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың 9 айдағы осындай көрсеткіштен 0,1% жоғары.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған таза пайдасы 2021 жылдың 9 айдың қорытындылары бойынша 49 млрд 307,4 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың 9 айдағы осындай көрсеткіштен 5,1% төмен.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар