«ҚазТрансОйл» АҚ қызмет саласының кеңеюі және көрсетілетін қызметтердің өзгеруі туралы хабарлайды

18.11.2021    Көрулер: 115
Дереккөз: Баспасөз қызметі
ҚазТрансОйл»  АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2021 жылғы 5 қарашадағы шешімімен (№2/2021 хаттама) «ҚазТрансОйл» АҚ қызмет мәніне мынадай қызмет түрлерін енгізу бөлігінде «ҚазТрансОй» АҚ Жарғысына өзгеріс пен толықтыру енгізілді:
  • «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес және бірлескен – бақылаудағы ұйымдары үшін инженерлік-техникалық жобалауды жүзеге асыру (ЭҚЖЖ коды 71121) («ҚазТрансОйл» АҚ еншілес және бірлескен - бақылаудағы ұйымдары үшін өнеркәсіптік объектілер мен процестерді жобалау кезінде инженерлік іздестірулерді жүзеге асыру және инженерлік қызметтер көрсету жөніндегі қызметтің орнына);
  • меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (ЭҚЖЖ коды 68201).
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың көрсетілген қызмет түрлерін іске асыруы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісілді.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар