«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді

18.06.2020    Көрулер: 215
ҚазТАГ, 18.06.2020

Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» (ҚТО) АҚ баспасөз қызметінен.

«Н. Шманов атындағы МАС-та «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді», - делінген бейсенбідегі Қазақстан қор биржасы сайтындағы (KASE) ҚТО хабарында.

Ақпарға сәйкес, бірінші іске қосу кешені шеңберінде Н. Шманов атындағы МАС-тан «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына дейін екі желілік тұйықтағыш құрылысы, сондай-ақ мұнай құбырының желілік бөлігін реконструкциялау аяқталды.

Объектінің пайдалануға берілуі реверстік бағытта ай сайынғы мұнай айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ еліміздің мұнай өңдеу зауыттарын тұрақты жүктеуді және Қытайға қазақстандық мұнай экспортын қамтамасыз етеді.

Құрылысты 2020 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.

Реверс жобасы Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары жүйесін салудың және дамытудың бірден бір кезеңі болып табылады. Реверс аяқталғаннан кейін еліміздің мұнай өңдеу зауыттарымен: «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-мен, Павлодар мұнай-химия зауытымен және экспорттық бағыттармен («Атасу-Алашанькоу» м/қ бойынша, Шағыр МҚП-да т/ж цистерналарына құю) көбірек батыс қазақстандық кен орындарын байланыстыруға мүмкіндік туады.

Источник: https://kaztag.kz/kz/news/ke-iya-atyrau-m-nay-byryny-reversi-zhobasyny-birinshi-iske-osu-kesheni-paydalanu-a-berildi


Басқа жаңалықтар