«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен» бас мұнай айдау станциясына - 55 жыл

20.12.2020    Көрулер: 299
Дереккөз: Mangystautv.kz
«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Өзен» бас мұнай айдау станциясына биыл 55 жыл толып отыр. Дәл осы жерден теңдесі жоқ «Өзен-Атырау - Самара» ыстық магистралды мұнай құбыры іске қосылды. 1961 жылы Жетыбай және Өзен кен орындарынан мұнай көзі ашылғаннан кейін, «қара алтынды» мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мәселесі туды. Оның үстіне жоғары температурада қата бастайтын Маңғыстаудың жоғары парафинді мұнайын тасымалдау да қиындық туғызды. Осы міндетті шешу үшін 1965 жылы «Маңғышлақмұнай» бірлестігіне қарасты Магистралдық мұнай газ өнімі құбырлары басқармасы құрылды. Сол жылы «Өзен» мұнай айдау станциясы да іске қосылады.


Басқа жаңалықтар