KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Басқарма

Жайдарман Исақов
«ҚазТрансОйл» АҚ заң мәселелері жөніндегі басқарушы директор
Басқарма құрамына 2003 жылғы 12 мамырда сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
 
Туған күні: 29 қазан 1965 жыл
 
Білімі: 1989 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі «Заңгер». 2003 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясында оқып, «Мұнай-газ саласындағы заңгер» біліктілігін иеленді.
 
Жұмыс тәжірибесі:
  • Еңбек жолын 1989 жылы КСРО Қорғаныс Министрлігінің Сауда басқармасының №456 сауда-дайындау базасының заң кеңесшісі қызметінен бастады, кейін мамандығы бойынша түрлі компаниялар мен банктерде, ҚР Қаржы министрлігінде қызмет етті. Мұнай-газ саласында «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Мұнай және газ көлігі» ҰК ЖАҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сияқты компанияларда 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді.
  • 2002 жылдың 1 қазанынан «ҚазТрансОйл» АҚ заң департаментінің директоры лауазымына қабылданды. 2003 жылғы 12 мамырдан Компанияның Басқарма мүшесі.
  • 2014 жылдың 4 мамырында «ҚазТрансОйл» АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.
  • 2020 жылғы 8 маусымнан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
  • 2022 жылғы 1 наурыздан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ заң мәселелері жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ Байқаушы кеңесінің мүшесі.
»Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы

Қоса атқаратын жұмысы мен директорлар кеңестеріндегі мүшелігі: жоқ

Қоғамның акцияларын иелену: жоқ


Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына меншік құқығы: жоқ

Серiктестер