KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

Басқарма

АРМАН ҚАСЕНОВ
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы)
Басқарма құрамына сайланды: 2024 жылғы 22 шілдеде

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1977 жылғы 16 қыркүйек

Білімі:
1999 жылы Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Мәскеу көлік институтын «Көлік-логистикалық жүйелердегі басқару» мамандығы бойынша бітірді.
 
Жұмыс тәжірибесі:
  • Еңбек жолын 1999 жылы «ҚазСертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» РМК сараптама және аудит бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
  • 2000 жылдан 2002 жылға дейін диссертациялық зерттеу жұмысы аясында Мәскеу автомобиль-жол институтында (ГТУ) тағылымдамадан өтті.
  • 2002-2003 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ маркетинг және коммерция басқармасының менеджері болып жұмыс істеді.
  • 2003-2006 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ тасымалдау және маркетинг департаментінде менеджер, бас менеджер, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2006-2008 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
  • 2008 жылғы қыркүйектен 2014 жылғы қарашаға дейін корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарды, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма мүшесі болды.
  • 2012 жылғы маусымнан 2014 жылғы қарашаға дейін бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма мүшесі болды.
  • 2014 жылғы қарашадан 2020 жылғы маусымға дейін «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры - Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
  • 2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың шілдесіне дейін «QazaqGaz» ҰК АҚ Басқарма төрағасының стратегия және бизнес-даму, маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Басқа да лауазымдары:
  • «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (07.10.2022-07.2024)
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
  • «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ (2003), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (2007, 2010), Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы (2010, 2011);
  • Медальдар: Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Құбыржол көлігіне 70 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2012), мерейтойлық медаль - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016);
  • Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің алғыс хаты (2010)
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
  • Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Кәсіпорынға көліктік-логистикалық қызмет көрсету жүйесі» (2002)
 
Қоғамның акцияларын иелену: жоқ
 
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына меншік құқығы: жоқ
 
 
Серiктестер