«ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор
Басқарма құрамына сайланды: 2022 жылғы 15 сәуірде
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1964 жылғы 13 қаңтарда
Білімі: 1988 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Іскерлік әкімшілендіру шебері - Master of Business Administration (МВА)» дәрежесін ала отырып «Энергетикалық бизнесті басқару. Жобаларды басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
-
2001 - 2012 жылдары Астана қаласындағы «ҚазақОйл-Продактс» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ және мұнай-газ секторының басқа да компанияларында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
-
2012 - 2017 жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары, бас директордың трансформациялау жөніндегі бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.
-
2017-2019 жылдары «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас директордың даму жөніндегі орынбасары, бас директордың кеңесшісі болып жұмыс істеді.
-
2019 - 2022 жылдары «PetroRetail PFS» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
-
2022 жылғы 11 сәуірден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.
Қосымша жұмыс және Директорлар кеңесіне мүшелік: жоқ
Қоғамның акцияларын иелену: жоқ
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына меншік құқығы: жоқ