Басқарма құрамына сайланды: 2022 жылғы 15 маусымда
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1975 жылғы 14 желтоқсан
Білімі: 1998 жылы С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университетті «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Роберт Гордон университетін (The Robert Gordon University) «МВА» дәрежесімен аяқтады.
Жұмыс тәжірибесі:
-
Еңбек жолын 1998 жылы С. Сейфуллин ат. Аграрлық университетте ассистент болып бастады.
-
2000 жылдан 2004 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, әдіснама және мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру басқармасының бастығы ретінде жұмыс істеді.
-
2004-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бюджеттеу, индикативтік жоспарлау және жиынтық экономикалық талдау департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
-
2006-2007 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары, жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, қаржы директоры лауазымдарын атқарды.
-
2007-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас менеджері, бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
-
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін – NCOC өндірістік есеп беру бойынша үйлестіруші, бөлім бастығы.
-
2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін «АЛМЭКС Плюс» ЖШС, «BI Development», «Otau Development» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді.
-
2017-2018 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ департамент директорының орынбасары-басқарма бастығы
-
2018 жылдан 2021 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнес-жоспарлау департаменті директорының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
-
2021 жылдан 2022 жылға дейін «Drilling & Services» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
-
2022 жылғы 15 маусымнан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі.
Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңестеріндегі мүшелігі: басқа ұйымдардың басқару органдарының құрамына кірмейді
Компания акцияларын иеленуі: «ҚазТрансОйл» АҚ орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 0,00043% иелік етеді
Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: иеленбейді