KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Басқарма

Алмас Оңғарсынов
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары
Басқарма құрамына сайланды: 2024 жылғы 23 мамыр
 
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
 
Туған күні: 1976 жыл 10 қазан
 
Білімі: 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2005 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын дайындау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
 
Жұмыс тәжірибесі:
  • 1998-1999 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, Алматы қаласы бойынша салық полициясы комитеті Бас басқармасының салық полициясы лейтенанты. 
  • 2000-2002 жылдары – Теңіз жобасы департаментінің бас талдаушысы, сервистік жобалар департаментінің сектор меңгерушісі, «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ сервистік жобалар департаментінің менеджері.
  • 2002 жылы «ӨзенМұнайГаз» ААҚ вице-президенті.
  • 2002-2004 жылдары Маңғыстау облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментінің директоры.
  • 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының кеңесшісі, аппарат жетекшісі.
  • 2009-2011 жылдары – «МемҒӨОжер» РМК бас директорының орынбасары, коммерциялық директоры, бас директордың кеңесшісі.
  • 2012-2016 жылдары – «ҚазТрансОйл» АҚ аппарат жетекшісі.
  • 2016-2020 жылдары – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқармасының кеңесшісі.
  • 2022 жылғы мамыр айынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары.

Қосымша қызмет бойынша жұмысы және директорлар кеңесіндегі мүшелігі: басқа ұйымдардың басқарма органдарының құрамына кірмейді
 
Компания акцияларына иелік ету: «ҚазТрансОйл» АҚ орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 0,00182% иелік етеді
 
Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: иелік етпейді
 
Серiктестер