KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

Басқарма

Нұржан Күшжанов
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары

Басқарма құрамына сайланды: 2025 жылғы 21 сәуір

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1978 жылғы 13 мамыр

Білімі: 2001 жылы О.А. Байқоңырова атындағы Жезқазған университетін «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамындығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

2001 жылдың тамызы – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасында ӘЖ және ЭХҚ электрмонтері.

2003 жылдың шілдесі – 2008 жылдың ақпаны – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының «Барсеңгір» бас мұнай айдау станциясы бастығының орынбасары, «Құмкөл» бас мұнай айдау станциясы бастығының орынбасары, «Қарақойын» бас мұнай айдау станциясының бастығы.

2008 жылдың ақпаны – 2017 жылдың қыркүйегі – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының басқарма бастығының орынбасары, тауар-көлік операциялар жөніндегі басқарма бастығының  орынбасары, өндіріс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, бас инженер.

2017 жылдың қазаны – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс операторлық қызметтер басқармасының бастығы.

2019 жылдың шілдесі – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Павлодар мұнай құбыры басқармасының бастығы.

2020 жылдың шілдесі – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның пайдалану департаментінің директоры.

Серiктестер