KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Директорлар кеңесінің комитеттері

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ

Стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті Директорлар кеңесіне Компанияны дамыту және басқару стратегиясы, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері және Директорлар кеңесі бекіткен стратегияны орындау тиімділігін бағалау мәселелері бойынша ұсынымдар дайындайды.
Стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитетінің құрамына кіреді:
  • Кожумов Қайнар Хайратұлы– Комитеттің төрағасы;
  • Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы– Комитеттің мүшесі;
  • Бозжігітов Әмір Айымдосұлы - Комитеттің мүшесі;
  • Құсаинов Қазбек Қайнарбекұлы – Комитеттің мүшесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    268.77Кб    407

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ІШКІ АУДИТ КОМИТЕТІ

Ішкі аудит комитеті Директорлар кеңесі ішкі және сыртқы аудит, тәуекелді басқару мен ішкі бақылау сұрақтары бойынша көмек көрсетеді. Сонымен қоса Ішкі аудит комитетінің міндеттеріне Компанияның аудиторларымен бірге Компанияның қаржылық есептілігін талдау мен талқылау, Компанияның сыртқы аудиторларының тәуелсіздігін бақылау, қаржылық есептілікті дайындау процесін, Компанияның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен тәуекелдерді басқару ішкі жүйелерінің тиімділігін бақылау және қаржылық есептілікті алдын ала мақұлдау жатады.
 
Ішкі аудит комитетінің құрамы:
  • Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – Комитеттің төрағасы;
  • Кожумов Қайнар Хайратұлы – Комитеттің мүшесі;
  • Құсаинов Қазбек Қайнарбекұлы – Комитеттің мүшесі;
  • Қасымбек Ардақ Махмудұлы - Комитеттің мүшесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің Ішкі аудит комитеті туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    500.15Кб    782

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті 

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің өкілеттігіне Директорлар кеңесіне Директорлар кеңесінің мүшелерін, Басқарма мүшелерін, корпоративтік хатшыны тағайындауға, бағалауға және сыйақы беруге көмектесу, кадрлық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету, Басқарма мүшелеріне сыйақы беру бойынша өз ұсынымдарын беру, тәуелсіз директорлар мен Басқарма мүшелері және Компанияның басқа жұмыскерлері үшін кәсіптік талаптар дайындау, Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорларға, Басқарма мүшелеріне кандидаттар бойынша ұсынымдарын беру және Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Басқарманың қызметін бағалау кіреді.
 
Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамы:
  • Құсаинов Қазбек Қайнарбекұлы – Комитеттің төрағасы;
  • Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – Комитеттің мүшесі;
  • Кожумов Қайнар Хайратұлы – Комитеттің мүшесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеті туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    269.36Кб    196
Серiктестер