АРМАН ҚАСЕНОВ
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), Директорлар кеңесінің мүшесі
Ағымдағы сайлау күні: 2024 жылғы 25 қараша
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 16 қыркүйек 1977 жыл
Білімі:
1999 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Мәскеу көлік институтын «Көлік-логистикалық жүйелердегі басқару» мамандығы бойынша бітірді.
Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Кәсіпорынға көліктік-логистикалық қызмет көрсету жүйесі» (2002)
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 1999 жылы «ҚазСертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» РМК-да сараптама және аудит бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастады.
2000-2002 жылдары Мәскеу автомобиль-жол институтында (МТУ) тағылымдамадан өтіп, диссертациялық зерттеумен айналысты.
2002 жылдан 2003 жылға дейін «ҚазТрансГаз» АҚ маркетинг және коммерция басқармасының менеджері болып жұмыс істеді.
2003-2006 жылдар аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ тасымалдау және маркетинг департаментінің менеджері, бас менеджері және директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2006 жылдан 2008 жылға дейін «ҚазТрансГаз» АҚ бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры лауазымын атқарды.
2008-2014 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды, Басқарма мүшесі болды.
2014 - 2020 жылдары – «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры - Басқарма төрағасы.
2020-2021 жылдары - «Қазсушар» РМК бас директоры.
2022 жылдан 2024 жылға дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының стратегия және бизнес-даму, маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңестеріне мүшелік: басқа ұйымдардың басқару органдарының құрамына кірмейді.
Компания акцияларын иелену: иеленген жоқ.
Компания жеткізушілерінің және бәсекелестерінің акцияларын иелену: иеленген жоқ.