KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Директорлар кеңесінің құрамы

НҰРЛАН АХАНЗАРИПОВ
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Ағымдағы сайлау күні: 2024 жылғы 25 қараша

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 17 желтоқсан 1965 жыл

Білімі:
Сертификатталған Тәуелсіз Директор (Cert IoD) Institute of Directors, UK.
MBA - Іскерлік Әкімшілендіру Шебері (ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның менеджмент, экономика және болжамдау институты).
«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бакалавр.
«Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалавр.
Жұмыс тәжірибесі:
23 жылдан астам уақыт мұнай-газ секторында басшылық қызметтерде, оның ішінде 12 жылдан астам уақыт қазақстандық мұнай-газ компанияларында басшы болып жұмыс істеді. Шетелде, Оман Сұлтандығындағы Shell Company басшылығында (Омандағы Shell операциялық компаниясы – PDO Petroleum Development of Oman) компанияның бизнесін трансформациялау және имплементациясына белсенді қатысқан Shell холдингі жұмысының жаңа операциялық моделін енгізу кезеңінде екі жылдық жұмыс өтілі бар.
Қазақстанның құзыретті органдары тарапынан негізгі қызметкерлердің бірі ретінде, Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған) сияқты ел үшін аса маңызды мұнай-газ жобаларын тікелей жедел басқаруға, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» және «Сары-Арқа» магистральдық газ құбырларын салуға қатысты.
Жұмысының негізгі бағыттары мен жетістіктері: кәсіпорындардың жаңа стратегияларын әзірлеу және енгізу, компаниялардың ескірген бизнес-модельдерін қайта құру (трансформациялау), оларды өзгермелі бизнес-ортаға бейімдеу, компаниялардың ERP жүйелері мен корпоративтік басқару жүйелерін дамыту.
«ҚСҚ» Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының Басқарушы кеңесінің мүшесі, «ҚазЭнерджи» қауымдастығының Сараптамалық кеңесінің құрамына кірді. QID (Qazaq Independent Directors) қауымдастығының құрметті мүшесі.
«АльфаБанк Қазақстан ЕБ» АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі (Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы) болып сайланды. Сондай - ақ «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ (Стратегия және инвестициялар комитетінің төрағасы, Аудит және кадрлар жөніндегі комитеттердің мүшесі), «Арикет» жоғары технологиялар қоры» АҚ және «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры –Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңестеріне мүшелік:  «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – аға тәуелсіз директоры (Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы, Аудит жөніндегі комитеті мен Стратегия және қаржы комитетінің мүшесі), «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры (Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы).
Компания акцияларын иелену: иеленген жоқ.
 
Компания жеткізушілерінің және бәсекелестерінің акцияларын иелену: иеленген жоқ.
 
 
Серiктестер