KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Директорлар кеңесінің құрамы

Әмір Бозжігітов
Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі
Ағымдағы сайлау күні2024 жылғы 25 қараша.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 16 қыркүйек 1979 ж.

Білімі: INSEAD и London Business School түлегі. «Sloan Fellow» жәрежесіне ие, «көшбасшылық және стратегиялық басқару» саласындағы магистр.  Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «халықаралық құқық» және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «мұнай-газ ісі»  бакалавры біліктілігіне ие.
Жұмыс тәжірибесі:
Мұнай-газ саласындағы еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Жұмыс өтілі ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының бас және еншілес құрылымдарындағы, Total халықаралық корпорациясындағы қызметті және Қашаған Солтүстік Каспий жобасын іске асыруға қатысуды қамтиды. 2004-2009 жылдар аралығында ҚазТрансОйл АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті маманынан бастап ҚазМұнайГаз ҰК АҚ мұнай тасымалдау басқармасында басшылық лауазымдарға дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2009-2015 жылдары тасымалдау жөніндегі үйлестіруші, кейіннен экспорт менеджері ретінде NCOC B.V.-ге  іссапарға жіберіліп, KMG Kashagan B.V.-де жұмыс істеді. 2015 жылдан 2017 жылға дейін TOTAL S.A. (Париж қ.) компаниясының бас офисінде келісімшарттар және сатып алу жөніндегі кеңесші қызметін атқарды. 2017-2020 жылдары NCOC N.V.-де келісімшарттар және сатып алу бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2021 жылдан бастап бизнеспен, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық B2B платформасын дамытумен айналысады.
 
Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңестеріне мүшелік: басқа ұйымдардың басқару органдарының құрамына кірмейді.
Компания акцияларын иелену: иеленген жоқ.
Компания жеткізушілерінің және бәсекелестерінің акцияларын иелену: иеленген жоқ.
 
Серiктестер