Қайнар Кожумов
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Ағымдағы сайлау күні: 2024 жылғы 25 қараша
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 13 ақпан 1975 ж.
Білімі: Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономист» біліктілігі «Мұнай бизнесі» мамандығы бойынша бітірген. Стокгольм экономика мектебінің іскери әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесі бар.
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде бастады. 1997-2002 жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясында департаменттің бас менеджері және директоры болып жұмыс істеді. «Intergas Central Аѕіа» АҚ президентінің кеңесшісі, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та департамент директоры қызметтерін атқарды
2007 жылы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингтің стратегия және корпоративтік басқару департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. Осыдан кейін ол жеке инвестициялық және аналитикалық құрылымдарда жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап «Зерттеу және консалтинг орталығы» ЖШС басқарушы серіктесі.
Мемлекеттік саясатты, салалық және өңірлік стратегияларды, корпоративтік даму стратегияларын әзірлеу, инвестицияларды жоспарлау және басқару, біріктіру және бірігу мәмілелерін жүзеге асыру, экономикалық зерттеулер мен талдау саласында басқарушылық тәжірибесі бар. 2020-2022 жылдары – «Қазақстан Республикасы отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдау орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі.
Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңестеріне мүшелік: басқа ұйымдардың басқару органдарының құрамына кірмейді.
Компания акцияларын иелену: иеленген жоқ.
Компания жеткізушілерінің және бәсекелестерінің акцияларын иелену: иеленген жоқ.