KZTO 829,00 (-0,67)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 829,00 (-0,67)

Директорлар кеңесінің құрамы

Дастан АбдулҒафаров
Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі

Ағымдағы сайлау күні: 6 қараша 2025 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 16 желтоқсан 1974 жыл.

Білімі: 1997 жылы Қазақстан құқық және халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының «Халықаралық экономика және құқық» мамандығы бойынша түлегі. 2004 жылы Милан қ. AGIP (ENI) корпоративтік университетінің мұнай бизнесі магистрі дәрежесін алды. 2013 жылы Мәскеудегі Сколково басқару мектебінде Executive MBA бағдарламасын бітірді. Сондай-ақ, 2024 жылы Стэнфорд университетінің Executive Programm бағдарламасы бойынша оқуын аяқтады.

Жұмыс тәжірибесі:

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы жұмыс тәжірибесі 22 жылдан астам, оның ішінде 18 жыл басшылық лауазымдарда.

Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ халықаралық келісімшарттар департаментінің заңгері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің директоры, директордың орынбасары, кейін жаңа теңіз жобаларын дамыту департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ жобаларды басқару тобының басшысы, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының кеңесшісі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры, бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру бизнесін сүйемелдеу жөніндегі басқарушы директоры, аппарат басшысы - даму жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңестеріне мүшелік: «KMG Green energy» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы.

Компания акцияларын иелену: иеленген жоқ

Компания жеткізушілерінің және бәсекелестерінің акцияларын иелену: иеленген жоқ

Серiктестер