Директорлар кеңесіне сайланды: 2023 жылдың 14 тамызы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 24 наурыз 1981 жыл
Білімі: 2002 жылы Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетін (UIB) «Экономист» біліктілігімен бітірген. 2002-2005 жж. аралығында Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай және газ кен орындарын игеру» факультетінде «Тау-кен мұнайшы инженері» біліктілігі бойынша оқыды. Мәскеудің Сколково менеджмент мектебінде (Мәскеу, Шанхай, Сан-Франциско) іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесі бар.
Тәжірибе: Активтерді басқаруда үлкен тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2000 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ әкімшілік бөлімінің маманы болып бастаған. Одан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ активтерді басқару бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ экономикалық талдау департаментінің бас менеджері, активтерді басқару департаменті және активтерді басқару департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңестеріне мүшелік: басқа ұйымдардың басқару органдарының құрамына кірмейді
Компания акцияларын иелену: иеленген жоқ
Компания жеткізушілерінің және бәсекелестерінің акцияларын иелену: иеленген жоқ