«ҚазТрансОйл» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес ұйымы.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
«ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларының 90%-ы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на тиесілі.
«ҚазТрансОйл» АҚ пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасындағы қатынастар жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде және «ҚазТрансОйл» АҚ пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жарғыларына сәйкес құрылған.
«ҚазТрансОйл» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2012 жылғы 30 қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасындағы өзара қарым-қатынас туралы келісімге» қол қойды.
Ол «ҚазТрансОйл» АҚ пен оның ірі акционері арасындағы әрекеттестіктің ашық нарықтық принциптерін бекітеді және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың барлық акционерлерінің мүдделері үшін әрекет жасауға мүмкіндік туғызады.