KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі мен ішкі бақылау жүйесі

«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қоғамның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекелдік оқиғаларды уақытылы анықтауға, бағалауға, бақылауға және азайтуға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері ретінде тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (бұдан әрі - ТБКЖ) және ішкі бақылау жүйесін (бұдан әрі - ІБЖ) дамытудың маңыздылығын түсінеді.

ТБКЖ және ІБЖ жетілдіру бірқатар себептер бойынша Қоғамның тиімді қызметінің маңызды аспектісі болып табылады:
  • Басшылыққа сенімді ақпарат беру, нәтижесінде теңдестірілген және негізделген басқару шешімдерін қабылдау;
  • Компания активтерінің сақталуын және шаруашылық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету;
  • Барлық ішкі саясаттар мен рәсімдердің, сондай-ақ заңнамалық актілер мен талаптардың белгіленген тәртіппен сақталатынына тиісті сенімділіктің болуы.

Компания құнының өсуі, оның рентабельділігі мен тәуекелдері арасындағы оңтайлы теңгерімге қол жеткізу үшін Қоғам ұйымдастыру шараларының, әдістемелердің, рәсімдердің, корпоративтік мәдениет нормалары мен іс-қимылдардың жиынтығын қолдану жолымен ТБКЖ және ІБЖ дамытады және жетілдіреді.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ КОРПОРАТИВТІК ЖҮЙЕСІ

Компанияда Қоғамның Директорлар кеңесі «ҚазТрансОйл» АҚ тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі бойынша саясатты қабылдады және бекітті. Осы құжат Қоғамдағы ТБКЖ-ның көзқарасын, мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді, тәуекелдерді басқару құрылымын, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі компоненттерін айқындайды, тәуекелдерді басқару процесін жүзеге асыру кезінде жүйелі және дәйекті тәсілді, Қоғам тәуекелдерін жіктеуге жалпы тәсілдерді, Қоғамның ТБКЖ-ын жоспарлау, бюджеттеу және уәждеу процестерімен байланыстыратын элементтерді, сондай-ақ Қоғамның ТБКЖ тиімділігінің критерийлерін қамтамасыз етеді.

Саясат ТБКЖ-ны практикалық қолдану процесінде туындауы мүмкін барлық сценарийлерді қамтуды мақсат етпейді, бұл тәуекелдерді басқару процесі күнделікті басқару процесінің бөлігі бола отырып, басқарудың әртүрлі стильдері мен шығармашылық тәсілдерін қолдану еркіндігін қамтамасыз етуі керек деп болжайды.

Сәйкестендіру тәртібі, әдістері мен құралдары, параметрлерді сандық және сапалық бағалау, тәуекелдерді/тәуекел факторларын талдау әдістері Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарымен реттеледі. 

ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ

ІБЖ Қоғам қызметіне тән процестік деңгейдегі тәуекелдерді уақытылы анықтауға және талдауға, сондай-ақ ІБЖ-нің үш негізгі саласында осы тәуекелдерді басқару бойынша бақылау рәсімдерін анықтауға және талдауға бағытталған: операциялық қызмет, қаржылық есептілікті дайындау және заңнамалық және нормативтік талаптарды сақтау.

ІБЖ-ні одан әрі енгізу және жетілдіру мақсатында Қоғам ІБЖ-ні регламенттейтін мынадай ішкі құжаттарды әзірледі және бекітті:

  • Ішкі бақылау саласындағы даму бағыттары мен ниеттері, қағидаттары туралы мәлімдемені қамтитын және ІБЖ-ні жетілдіру мен дамыту жөніндегі басшылықтың ортақ көзқарасын білдіретін ІБЖ саясаты.
  • ІБЖ субъектілерінің өзара іс-қимылын және ІБЖ ұйымдастыру, жұмыс істеуі және тиімділігі үшін жауапкершілікті бөлуді анықтайтын ІБЖ регламенті.

Қоғам ІБЖ құжаттау бойынша келесі жұмыстарды жүргізді:

  • Қоғам орталық аппараты, филиалдары мен мұнай құбыры басқармалары деңгейінде бизнес-процестердің жіктеуіштері әзірленді және бекітілді;
  • Қоғамның негізгі бизнес-процестері бойынша тәуекелдер мен бақылаулардың блок-схемалары мен матрицалары әзірленді және бекітілді.

ІБЖ Қоғам қызметіне тән процестік деңгейдегі тәуекелдерді уақытылы анықтауға және талдауға, сондай-ақ ІБЖ-нің үш негізгі саласында осы тәуекелдерді басқару бойынша бақылау рәсімдерін анықтауға және талдауға бағытталған: операциялық қызмет, қаржылық есептілікті дайындау және заңнамалық және нормативтік талаптарды сақтау.
 

ТӘУЕКЕЛ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ

Компания қызметті жүргізудің тәуекелге бағдарланған мәдениетін дамытуға мүдделі. Қоғамдағы тәуекел мәдениеті оның барлық жұмыскерлерін тәуекелдерді басқару процесіне тарту арқылы, сондай-ақ Директорлар кеңесі, Басқарма және Қоғам жұмыскерлері арасында тұрақты ақпарат алмасу есебінен, оның ішінде үшінші тарап ұйымдарын тарта отырып, тәуекелдерді басқару саласында корпоративтік семинарлар өткізу есебінен, сондай-ақ Қоғамның тәуекел-менеджерлерін өз күштерімен дамыту арқылы дамиды.

ТБКЖ бойынша семинарларды өткізудің негізгі мақсаттары:

  • ТБКЖ туралы жүйелік идеяны қалыптастыру;
  • ТБКЖ құрылымымен, оның қатысушыларымен, тәуекелдерді басқару процесімен және функцияларымен танысу;
  • Тәуекелдерді анықтау, бағалау, тәуекелдерді басқару әдістерін қолдану және практикалық кейс арқылы тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды әзірлеу дағдыларын дамыту.

ІБҚ бойынша семинарларды өткізудің негізгі мақсаттары:

  • ІБЖ қағидаттарымен танысу және құрылымдық бөлімше деңгейінде ІБЖ құруды оқыту;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ филиалдарының тәуекелдерді басқару және ИЖМ мамандарын ІБЖ саласындағы қолданыстағы әдістемелер мен тәсілдерге оқыту, оның ішінде:
    • * Бизнес-процеске тән тәуекелдерді анықтау;
    • * Анықталған тәуекелдерді жабатын қолданыстағы бақылау рәсімдерін сәйкестендіру;
    • * Процестік тәуекелдерді сәйкестендіру және талдау, сондай-ақ бақылау рәсімдері бойынша қорытынды құжаттар болып табылатын бизнес-процесс бойынша тәуекелдер мен бақылаулар матрицаларын және блок-схемаларды әзірлеу.

Жұмысқа қабылдау кезінде барлық жұмыскерлер ТБКЖ және ІБЖжұмыс істеу қағидаттарымен танысу бойынша стандартты рәсімдерден өтеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ ішкі бақылау жүйесінің саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    437.74Кб    259

«ҚазТрансОйл» АҚ Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі жөніндегі саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    534.41Кб    225
Серiктестер