Шманов Айрат Махамбетұлы
«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік хатшысы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған күні: 20 қазан 1972 жыл
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философиялық және экономикалық факультетін бітіріп, психолог біліктілігі берілген, «Әділет» жоғарғы мектебі – заңгер біліктілігі беріліп, заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: 1999 жылдан 2002 жылдар аралығында «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ стратегиялық жоспарлау және сыртқы байланыстар департаменті секторының меңгерушісі және аға талдаушысы болып жұмыс істеді. 2002-2014 жылдар кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-та лауазымды қызметтерді атқарған. 2014-2015 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ компалаенс-бақылау қызметінің бастығы болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік хатшысы.