KZTO 842,30 (-0,85%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,30 (-0,85%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік «ҚазТрансОйл» АҚ орнықты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
 
Компания өз тәжірибесінде өндірістік міндеттерді шешу мен оның атмосфералық ауаға, су және жер ресурстарына және басқа да табиғи компоненттерге теріс әсер ету деңгейі арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады.
 
Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен, халықаралық және ұлттық стандарттармен және Компанияның тиісті саясатының және басқа да ішкі басқару құжаттарының ережелерімен реттеледі.
 
2023 жылы «TUV NORD CTRT GmbH» сертификаттау органы менеджменттің интеграцияланған жүйесіне инспекциялық аудит жүргізді, оның қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ ISO 14001:2015 стандартының талаптарына сәйкестігін растады.
 
Экологиялық тәуекелдеді тиімді басқару үшін «ҚазТрансОйл» АҚ табиғат қорғау қызметін басқару тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады және қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды бөледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың экологиялық саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    762.69Кб    213
Серiктестер