KZTO 805,00 (-0,36)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 805,00 (-0,36)

Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік «ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Өз тәжірибесінде Компания өндірістік міндеттерді шешу мен атмосфералық ауаға, су, жер ресурстарына және басқа да табиғи компоненттерге теріс әсер ету деңгейі арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады.

Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен, халықаралық және ұлттық стандарттармен, сондай-ақ Компания саясатының және басқа да ішкі басқару құжаттарының ережелерімен реттеледі.

2025 жылы сертификаттық аудит қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ экологиялық менеджмент жүйесінің ISO 14001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады және TÜV AUSTRIA халықаралық сертификаттау органынан үш жылдық кезеңге сәйкестік сертификатын алды.

Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ қоршаған ортаны қорғауды басқару тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады және қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды бөледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және табиғи ремедианттарды ұлғайту есебінен қоршаған ортаға әсерді азайту жөніндегі жобаларды белсенді түрде енгізуде. Компания экожүйелерді қалпына келтіруге және өз қызметінен көміртегі ізін азайтуға ерекше назар аударады.


«ҚазТрансОйл» АҚ-тың экологиялық саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    762.69Кб    566

«ҚазТрансОйл» АҚ су ресурстарын басқару қағидалары (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    461.17Кб    440

«ҚазТрансОйл» АҚ қалдықтарды басқару қағидалары (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    478.51Кб    425
Серiктестер