KZTO 830,00 (-0,10%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,00 (-0,10%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ақпаратты ашу

«ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметінде ашықтық қағидатын қатаң ұстанады және мүдделі тараптардың кең ауқымы үшін ақпаратты тиімді және толық ашуды қамтамасыз етуге ұмтылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ интеграцияланған жылдық есептері қаржылық және операциялық нәтижелер, корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйесі, даму стратегиясы және тұрақты даму саласындағы жұмыс туралы ақпаратты қамтиды.


Қоршаған ортаға әсерді бағалау

Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге қызметтің кез келген түрлері үшін міндетті болып табылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ қоршаған ортаға әсерін бағалау жобалары (қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, қоршаған ортаға әсерді бағалау, «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі) ресми интернет ресурсында танысу үшін қолжетімді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың ҚОӘБ барлық жобалары мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектісі болып табылады және жергілікті билік органдарының веб-сайттарында қолжетімді.

 
Өндірістік экологиялық мониторинг
Қоршаған ортаның сапасын реттеу және экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелерді және іске қосылған аумақтардың биоәртүрлілігін сақтауды қамтамасыз ететін жол берілетін әсерді белгілеу мақсатында Компания ластаушы заттардың шекті жол берілетін шығарындылары мен төгінділерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нормативтерін әзірлейді.

«ҚазТрансОйл» АҚ жекеленген құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік экологиялық бақылау аясында қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі және әсер ету мониторингі жүргізіледі.

Алынған нәтижелер эмиссия нормативтерімен және гигиеналық нормативтермен салыстырылады, нормативтердің асып кетуі анықталған кезде оларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылданады.

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша барлық есептілік Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Бірыңғай экологиялық интернет-ресурсында жарияланады және барлық тілек білдірушілерге қолжетімді.
   
Командалық – штабтық оқу-жаттығулар

2020 жылғы 21 қазанда Шымкент мұнай құбыры басқармасының Шолақ-Қорған БМАС-та Түркістан облысы ТЖД Созақ ауданы ТЖ бөлімінің күштері мен құралдарын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті және «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің қатысуымен «Мұнай сақтау резурвуарында №2 V-2000м3 өртті сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.



Сондай-ақ, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет персоналын тарта отырып, Қоғамның Шымкент БМАС, Павлодар БМАС, Қаражанбас МАС, Кеңқияқ БМАС объектілерінде өрт-тактикалық сабақтар өткізілді.



«ҚазТрансОйл» АҚ-та авариялық жағдайлар мен инциденттерге дайындық деңгейін арттыру үшін персоналдың практикалық дағдыларын жетілдіру үшін үнемі әртүрлі деңгейдегі практикалық және теориялық оқулар, жаттығулар мен оқулар өткізіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілерінде өрт – техникалық оқу – жаттығуларды өткізу кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері, медициналық қызметтерді көрсететін мердігерлік ұйымдардың күштері, сондай-ақ күзет ұйымдары тартылады.

 
Аварияларды жою жоспары

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-та Аварияларды жою жоспарлары әзірленіп, бекітілді. АЖЖ-да авариялар туындаған кезде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар көрсетілген.

Серiктестер