KZTO 806,60 (-0,23)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 806,60 (-0,23)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік қызметпен байланысты тәуекелдерді азайту «ҚазТрансОйл» АҚ даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Аталған бағыт аясында Компания алдына мынадай міндеттер қояды:

  • жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу;
  • авариялар мен инциденттер тәуекелдерінің деңгейін төмендету;
  • өндірістік объектілер жұмысының апатсыз режимін қамтамасыз ету;
  • қолданыстағы заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету (ISO 45001, ISO 14001 және т.б.).

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі ішкі бақылау болып табылады. Ішкі бақылауды жүзеге асыру жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу тәсілдерінің бірі болып табылады.

Компаниядағы басқару құрылымы үш деңгейде жүзеге асырылады:

  • ӨҚ және ЕҚ саласындағы стратегияны анықтау, саясат пен стандарттарды әзірлеу және бекіту;
  • корпоративтік стандарттарды іске асыру, нормалар мен талаптардың сақталуын бақылау;
  • күнделікті бақылау, нұсқамалар, қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру.

Негізгі басқару құралдары

  • Кәсіптік тәуекелдерді бағалау, кейіннен оларды төмендету жөніндегі шараларды әзірлеу;
  • Ішкі, сыртқы аудиттер және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын тексеру;
  • Инциденттерді тіркеу және талдау үшін корпоративтік портал;
  • Кері байланыс тетіктері, жұмыскерлерді «Қорғау» картасын толтыруға тарту.

Төтенше жағдайлар кезінде жағымсыз салдардың алдын алу үшін Компанияда өндірістік объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, дағдарыстық жағдайларды басқару Тобын уақтылы ден қою және белсендіру жөніндегі шаралар жүйесі ұйымдастырылған.

Компания қауіпсіздік жабдықтары мен техникалық жүйелерін жаңғыртуға жүйелі түрде инвестиция салады, жеке және ұжымдық қорғаудың заманауи құралдарын (ЖҚҚ, автоматты бақылау, дабыл жүйелері) сатып алады, қауіпсіздік мониторингі үшін цифрлық шешімдерді енгізеді.

Жарақаттану коэффициенттерінің (LTIR), жол-көлік оқиғаларының (MVCR), қатерлі жағдайлардың (FAR) көрсеткіштеріне жүйелі мониторинг жүргізіледі.

Жұмысшылардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында жыл сайын аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен келісілген жұмыскерлерді сауықтыру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Ауруларды, оның ішінде кәсіптік ауруларды анықтауға, улану, жазатайым оқиғалар, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық тексеруді қамтамасыз ету үшін міндетті медициналық тексерулер үнемі өткізіліп тұрады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыскерлерді оқыту және дамыту бекітілген оқыту кестелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ компанияның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің барлық жұмыскерлері IOSH, NEBOSH, RoSPA және т.б. халықаралық біліктілікті арттыру курстарынан кезең-кезеңімен өтеді.   

2025 жылы сертификаттық аудит қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесінің ISO 45001:2018 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады және TÜV AUSTRIA халықаралық сертификаттау органынан үш жылдық кезеңге сәйкестік сертификатын алды.



«ҚазТрансОйл» АҚ-тың денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    778.14Кб    502

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Өмірлік маңызды қағидалар» кодексі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    430.93Кб    322

 
Серiктестер