Топтық мәдениет және ішкі коммуникациялар

Топтық мәдениет ұжымды бекітетін және оның бірыңғай бүтін ететін іргетасы. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың ұжымдық мәдениеті еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, командалық рух, тиімділік, кәсібилік, орнықты даму және өзара бір-бірін қолдау және командада жұмыс сияқты «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Даму стратегиясында көрініс тапқан негізгі құндылықтарына негізделеді.

Топтық мәдениет ішкі ақпараттық арналар желісін пайдалану, жұмыскерлер үшін ұжымдық іс-шараларды өткізу, Қоғам жұмыскерлерімен басшылардың кездесуі, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және т.б. қоса алғанда коммуникациялар құралдарының кең ауқымын тиімді пайдалану арқылы құрылып, дамиды.

2016 жылғы желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ-та ішкі коммуникациялар бойынша жетекшілік бекітілді, онда ішкі коммуникациялардың негізгі арналары ретінде Компанияның веб-сайтын анықтады. «Мұнай құбыршы» топтық ақпараттық жаршы, электрондық топтық тарату, ішкі ұжымдық портал анықталды. Жетекшілік мақсаты Қоғам басшыларының ұжымда әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту үшін жұмыскерлермен бірыңғай жүйелі кері байланысты орнату.

2016 жылғы мамырдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-та Мұнай құбыршы» электрондық ақпараттық жаршы шығарылады, оған орай Қоғам жұмыскерлері Қоғамда және бүтін салада болып жатқан маңызды оқиғалар туралы, өндірістік және әлеуметтік бағдарламалар туралы, сондай-ақ біздің жұмыскерлердің жетістіктері туралы ақпараттар мен жаңалықтарды шұғыл түрде ала алады.
«ҚазТрансОйл» АҚ ішкі коммуникациялары бойынша жетекшілік (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    1.8Мб    02.09.2020    11