«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай) «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (2025 жылғы 28 қантардағы №2/2025 отырыс хаттамасы) сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жалпы жиналыс) Акционерлер жалпы жиналысының отырысын өткізбей сырттай дауыс беру арқылы 2025 жылғы 17 наурызда шақыру туралы хабардар етеді.
Жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.
Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2025 жылғы 20 ақпан.
Егер Жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні – 2025 жылғы 11 наурыз.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың аяқталу күні – 2025 жылғы 14 наурыз 18 сағат
30 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2025 жылғы 17 наурыз.
Жалпы жиналыстың күн тәртібі:
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Жалпы жиналыс күн тәртібінің мәселесі бойынша материалдармен акционерлер 2025 жылғы 6 наурыздан бастап жұмыс күндері 10 сағат
00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 808-каб., 809-каб., сондай-ақ www.kaztransoil.kz «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында таныса алады.
Дауыс беруді өткізу тәртібі:
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/төлқұжатының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюға тиіс.
Заңды тұлға - акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға - акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Жеке тұлға - акционердің не заңды тұлға - акционер басшысының немесе жеке тұлға - акционер өкілінің не заңды тұлға - акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 203-каб. мекенжайы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ кеңсесіне
2025 жылғы 14 наурызда сағат 18 сағат 30 минутқа дейін (Астана қаласы уақыты бойынша) поштамен жіберілуі немесе қолма-қол берілуі тиіс.
Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.
Жалпы жиналысты өткізу тәртібі бойынша өзге де мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысында айқындалған.
Жалпы жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 – 37, 39, 41, 43 – 47, 49 және 51 – 52-баптарына сәйкес өткізіледі.
Жалпы жиналысты өткізумен байланысты сұрақтарға жауапты +7 (7172) 55 52 05; +7 (7172) 55 53 62 телефондары, e-mail: a.dastan@kaztransoil.kz арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасы Астана қаласы, 010000, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» бөлігі мекенжайында орналасқан «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешіміне (отырыстың №1/2013 хаттамасы) сәйкес Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылатыны туралы хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жылдық жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы –«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2013 жылғы 13 наурызда сағат 15.00-те Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» бөлігі, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайында өтеді. Акционерлерді тіркеу сағат 9.00-да басталады. Сағат 12.00-де аяқталады.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі 2013 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жасалады.
Егер акционерлер тізімі жасалғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өз акцияларын иеліктен айырса, Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге көшеді. Бұл ретте, жаңа акционерлер акцияларға меншік құқығын растайтын кұжаттарды тапсыру тиіс.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібі:«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы жұмысына қатысуға шақырамыз.
- 2013 – 2015 жылдарға «ҚазТрансОйл» АҚ-қа аудит жасайтын аудитор ұйымды және қаржы есептілігіне аудит жасаған қызметтері үшін оған төлейтін ақы мөлшерін белгілеу және осы қызметтерді бір көзден сатып алу.
- «ҚазТрансОйл» АҚ басқарушы қызметкерлеріне жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша жалақының айнымалы бөлігін төлеу қағидасының күші жойылды деп тану туралы.
- «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге дайындық кезінде ұсынылған материалдармен акционерлер «ҚазТрансОйл» АҚ топтық сайтында www.kaztransoil.kz арқылы, сондай-ақ 2013 жылғы 11 ақпаннан бастап жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Астана қаласы, 010000, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» бөлігі, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайында 412, 310, 101-бөлмелерде таныса алады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізумен байланысты сұрақтарға жауапты +7 (717) 2 55 50 34; +7 (717) 2 55 52 31 телефондары, maikenov@kaztransoil.kz электронды почта арқылы алуға болады.
Көпшілік жиналмай қалған жағдайда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2013 жылғы 14 наурызда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» бөлігі, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайында қайтадан өтеді. Акционерлерді тіркеу сағат 9.00-да басталады. Сағат 12.00-де аяқталады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу үшін жеке тұлға акционерлер жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге ала келулері қажет.
Жеке тұлға акционерлер өкілдері белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынулары тиіс. Заңды тұлға акционерлер өкілдері акционер заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынулары тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет ете алатын немесе оның мүдделерін білдіре алатын құқығы бар адамдардың акционерлер жалпы жиналысына қатысуы және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруі үшін сенімхат талап етлмейді.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері тұлғалардың ғана не олардың уәкілетті өкілдерінің құқығы бар екендігіне назрларыңызды аударамыз. Акционер емес ертіп жүруші адамдар, туыстары, балалары жиналысқа қатысуға жіберілмейді.
Түсіністікпен қабылдағандарыңызға рахмет.