«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай) «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (2025 жылғы
2 қазандағы №12/2025 отырыс хаттамасы) «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жалпы жиналыс) шақыратынын хабарлайды.
Жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы «ҚазТрансОйл» АҚ ірі акционері - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жай акциялары - 346 172 040 (үш жүз қырық алты миллион бір жүз жетпіс екі мың қырық) дана, бұл «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шығарылған және орналастырылған акцияларының жалпы санының 90%-ін құрайды.
Жалпы жиналыс 2025 жылғы 6 қараша 11 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы,
20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 702-кабинет мекенжайы бойынша өтеді. Акционерлерді тіркеу 2025 жылғы 6 қарашада 9 сағат 30 минутта басталады. 2025 жылғы 6 қарашада 10 сағат 30 минутта аяқталады.
Кворум болмаған жағдайда Жалпы жиналыс 2025 жылғы 7 қарашада
11 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 702-кабинет мекенжайы бойынша қайта өтеді. Акционерлерді тіркеу 2025 жылғы
7 қарашада 9 сағат 30 минутта басталады. 2025 жылғы 7 қарашада 10 сағат
30 минутта аяқталады.
Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2025 жылғы 13 қазан.
Егер Жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
Жалпы жиналыстың күн тәртібі:
1. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау және оның мүшесін сайлау туралы.
2. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің сайланатын мүшесіне өз міндетін атқарғаны үшін сыйақы мен шығыстарды өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.
Жалпы жиналыс күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдармен акционерлер 2025 жылғы 24 қазаннан бастап жұмыс күндері 10 сағат
00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 808-каб., 809-каб. мекенжайы бойынша, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсы - https://kaztransoil.kz-да таныса алады.
Жалпы жиналысты өткізу тәртібі:
Жалпы жиналыста дауыс беруге қатысу үшін Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар адам осы хабарламада көрсетілген күндер мен сағаттарда ресми тіркеуден өтуге тиіс;
Жалпы жиналыс ашылғанға дейін келген акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі Жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге оның өкілеттігін растайтын, белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін Жалпы жиналысқа қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді. Тіркеуден өтпеген Акционер (акционердің өкілі) кворумды айқындау кезінде ескерілмейді және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ;
Жалпы жиналысқа шақырылған адамдар қатыса алады, бұл ретте мұндай адамдар жиналыс төрағасының рұқсатымен Жалпы жиналыста сөз сөйлеуге құқылы;
Жалпы жиналыс кворум бар болған кезде жарияланған уақытта ашылады;
Жалпы жиналыс төрағаны (төралқаны) сайлауды өткізеді және ашық немесе жасырын (бюллетендер бойынша) дауыс беру нысанын айқындайды. Жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру «1 (бір) акция - 1 (бір) дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады, ал шешім дауыс беруге қатысып отырған және қатысуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады;
«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік хатшысы Жалпы жиналыстың хатшысы болып табылады;
Жалпы жиналыс өз жұмысында үзіліс жасау және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде Жалпы жиналыстың күн тәртібінің жекелеген мәселелерін қарауды келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы;
Жалпы жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралғаннан кейін және олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялана алады.
Жалпы жиналысты өткізудің өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысымен және «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2020 жылғы 27 мамырдағы шешімімен (№1/2020 хаттама) бекітілген «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережемен айқындалған.
Жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сырттай дауыс беру қарастырылмайды.
Жалпы жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-48 және 50-52-баптарына сәйкес өткізіледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерін Жалпы жиналыстың жұмысына қатысуға шақырамыз. Жалпы жиналысқа қатысу үшін жеке тұлға акционерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын ала келуі қажет.
Жалпы жиналысты өткізумен байланысты сұрақтарға жауаптарды
+7 (7172) 55 52 05; +7 (7172) 55 53 62 телефондары, e-mail: a.dastan@kaztransoil.kz арқылы алуға болады.
Жалпы жиналысқа «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері болып табылатын тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері ғана қатысуға құқылы екеніне назар аударамыз. Акционерлер болып табылмайтын ілесіп жүретін тұлғалар, туыстар, балалар Жалпы жиналысқа қатыстырылмайды.
Түсіністік танытқаныңызға рақмет.
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай) «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (2025 жылғ 17 сәуірдегі №5/2025 отырыс хаттамасы) сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жалпы жиналыс) Акционерлер жалпы жиналысының отырысын өткізбей сырттай дауыс беру арқылы 2025 жылғы 22 мамырда шақыру туралы хабардар етеді.
Жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.
Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2025 жылғы 25 сәуір.
Егер Жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні – 2025 жылғы 15 мамыр.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың аяқталу күні – 2025 жылғы 21 мамыр 18 сағат 30 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2025 жылғы 22 мамыр.
Жалпы жиналыстың күн тәртібі:
1. «ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
2. «ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
3. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылы атқарылған жұмыс туралы жылдық есебін бекіту туралы.
4. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің 2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері мен оларды қарау қорытындылары туралы.
Жалпы жиналыс күн тәртібінің мәселесі бойынша материалдармен акционерлер 2025 жылғы 8 мамырдан бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 808-каб., 809-каб., сондай-ақ https://kaztransoil.kz «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында таныса алады.
Дауыс беруді өткізу тәртібі:
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/төлқұжатының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюға тиіс.
Заңды тұлға - акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға - акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Жеке тұлға - акционердің не заңды тұлға - акционер басшысының немесе жеке тұлға - акционер өкілінің не заңды тұлға - акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 203-каб. мекенжайы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ кеңсесіне 2025 жылғы 21 мамырда сағат 18 сағат 30 минутқа дейін (Астана қаласы уақыты бойынша) поштамен жіберілуі немесе қолма-қол берілуі тиіс.
Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.
Жалпы жиналысты өткізу тәртібі бойынша өзге де мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысында айқындалған.
Жалпы жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 – 37, 39, 41, 43 – 47, 49 және 51 – 52-баптарына сәйкес өткізіледі.
Жалпы жиналысты өткізумен байланысты сұрақтарға жауапты +7 (7172) 55 52 05; +7 (7172) 55 53 62 телефондары, e-mail: a.dastan@kaztransoil.kz арқылы алуға болады.
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай) «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (2025 жылғы 28 қантардағы №2/2025 отырыс хаттамасы) сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жалпы жиналыс) Акционерлер жалпы жиналысының отырысын өткізбей сырттай дауыс беру арқылы 2025 жылғы 17 наурызда шақыру туралы хабардар етеді.
Жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.
Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2025 жылғы 20 ақпан.
Егер Жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні – 2025 жылғы 11 наурыз.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың аяқталу күні – 2025 жылғы 14 наурыз 18 сағат
30 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2025 жылғы 17 наурыз.
Жалпы жиналыстың күн тәртібі:
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Жалпы жиналыс күн тәртібінің мәселесі бойынша материалдармен акционерлер 2025 жылғы 6 наурыздан бастап жұмыс күндері 10 сағат
00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 808-каб., 809-каб., сондай-ақ www.kaztransoil.kz «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында таныса алады.
Дауыс беруді өткізу тәртібі:
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/төлқұжатының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюға тиіс.
Заңды тұлға - акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға - акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Жеке тұлға - акционердің не заңды тұлға - акционер басшысының немесе жеке тұлға - акционер өкілінің не заңды тұлға - акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 203-каб. мекенжайы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ кеңсесіне
2025 жылғы 14 наурызда сағат 18 сағат 30 минутқа дейін (Астана қаласы уақыты бойынша) поштамен жіберілуі немесе қолма-қол берілуі тиіс.
Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.
Жалпы жиналысты өткізу тәртібі бойынша өзге де мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысында айқындалған.
Жалпы жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 – 37, 39, 41, 43 – 47, 49 және 51 – 52-баптарына сәйкес өткізіледі.
Жалпы жиналысты өткізумен байланысты сұрақтарға жауапты +7 (7172) 55 52 05; +7 (7172) 55 53 62 телефондары, e-mail: a.dastan@kaztransoil.kz арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасы Астана қаласы, 010000, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» бөлігі мекенжайында орналасқан «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешіміне (отырыстың №1/2013 хаттамасы) сәйкес Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылатыны туралы хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жылдық жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы –«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2013 жылғы 13 наурызда сағат 15.00-те Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» бөлігі, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайында өтеді. Акционерлерді тіркеу сағат 9.00-да басталады. Сағат 12.00-де аяқталады.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі 2013 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жасалады.
Егер акционерлер тізімі жасалғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өз акцияларын иеліктен айырса, Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге көшеді. Бұл ретте, жаңа акционерлер акцияларға меншік құқығын растайтын кұжаттарды тапсыру тиіс.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібі:«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы жұмысына қатысуға шақырамыз.
- 2013 – 2015 жылдарға «ҚазТрансОйл» АҚ-қа аудит жасайтын аудитор ұйымды және қаржы есептілігіне аудит жасаған қызметтері үшін оған төлейтін ақы мөлшерін белгілеу және осы қызметтерді бір көзден сатып алу.
- «ҚазТрансОйл» АҚ басқарушы қызметкерлеріне жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша жалақының айнымалы бөлігін төлеу қағидасының күші жойылды деп тану туралы.
- «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге дайындық кезінде ұсынылған материалдармен акционерлер «ҚазТрансОйл» АҚ топтық сайтында www.kaztransoil.kz арқылы, сондай-ақ 2013 жылғы 11 ақпаннан бастап жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Астана қаласы, 010000, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» бөлігі, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайында 412, 310, 101-бөлмелерде таныса алады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізумен байланысты сұрақтарға жауапты +7 (717) 2 55 50 34; +7 (717) 2 55 52 31 телефондары, maikenov@kaztransoil.kz электронды почта арқылы алуға болады.
Көпшілік жиналмай қалған жағдайда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2013 жылғы 14 наурызда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» бөлігі, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайында қайтадан өтеді. Акционерлерді тіркеу сағат 9.00-да басталады. Сағат 12.00-де аяқталады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу үшін жеке тұлға акционерлер жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге ала келулері қажет.
Жеке тұлға акционерлер өкілдері белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынулары тиіс. Заңды тұлға акционерлер өкілдері акционер заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынулары тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет ете алатын немесе оның мүдделерін білдіре алатын құқығы бар адамдардың акционерлер жалпы жиналысына қатысуы және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруі үшін сенімхат талап етлмейді.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері тұлғалардың ғана не олардың уәкілетті өкілдерінің құқығы бар екендігіне назрларыңызды аударамыз. Акционер емес ертіп жүруші адамдар, туыстары, балалары жиналысқа қатысуға жіберілмейді.
Түсіністікпен қабылдағандарыңызға рахмет.