Басқарма

Сәбит Арынов
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары
Басқарма құрамына 2018 жылдың 23 маусымында қайта сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған күні: 1977 жыл 29 маусым.

Білімі: 1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы» мамандығы бойыша тәмамдаған. Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие (МВА), Назарбаев университеті.

Жұмыс тәжірибесі:
  • Еңбек жолын 1999 жылы Атырау мұнай айдау стансасында технологиялық құрылғыларды жөндеу жөніндегі слесарі болып бастаған. Кейін Атырау мұнай құбыры басқармасының инженер-механигі болды.
  • 2000-2002 жылдары – Атырау су дайындау және сумен қамтамасыз ету басқармасының магистральды құбырлар және жабдықтарды пайдалану қызметінің инженері.
  • 2002-2005 жылдары - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының пайдалану бөлімінің инженері, орталық диспетчерлік бекеттің диспетчері, диагностика жөніндегі инженері, мұнай құбырын пайдалану бөлімі бастығының орынбасары.
  • 2005-2006 жылдары – Орал мұнай құбыры басқармасының магистральды құбырларды пайдалану қызметінің басшысы, 2006-2007 жылдары Орал мұнай құбыры басқармасының бас инженері.
  • 2007 жылдың қарашасынан 2008 жылдың мамырына дейін - «Терминалекс» ЖШС бас директоры.
  • 2008 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың желтоқсан айына дейін - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері.
  • 7 жылдан аса «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің директоры лауазымын атқарды.
  • 2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың ақпанына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалын басқарды.
  • 2017 жылғы 13 желтоқсаннан бастап – қазіргі уақытты қоса алғанда «Магистральдық Суағызғы» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы.
Қосымша жұмыс пен директорлар кеңестеріндегі мүшелік: Жоқ.