Директорлар кенесі мүшелерінің сыйақылары

Тәуелсіз директорларға сыйақы төлеу және олардың шығыстарын өтеп беру тәртібі мен ережелері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлік қоғамдары тәуелсіз директорларына сыйақы төлеу және олардың шығыстарын өтеп беру қағидасымен белгіленген.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі акционер өкілдері, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелері болып табылатын «ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органының басшылары осы органдағы жұмысы үшін сыйақы алмайды.

Тəуелсіз директорларға олармен жасалған шарттар негізінде мынадай сыйақылар төленеді:
  • Жылына 80 000 (сексен мың) АҚШ доллары мөлшерінде тұрақты сыйақы;
  • Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің бас қосқан отырыстарына қатысқаны үшін 1000 (бір мың) АҚШ доллары мөлшерінде қосымша сыйақы;
«ҚазТрансОйл» АҚ тəуелсіз директорларға Директорлар кеңесінің жəне оның комитеттерінің тəуелсіз директорлардың тұрақты тұру орнынан тыс жерлерде өткізілген отырыстарына баруымен байланысты шығыстарын (жол жүру, қонақ үйде тұру, тəуліктік) өтейді.

«ҚазТрансОйл» АҚ тəуелсіз директорларға олармен жасалған шарттармен жəне жоғарыда аталған Қағидамен көзделмеген өзге төлемдер жасамайды.

Тəуелсіз директорларға сыйақы төлеу мына ережелерді орындаған жағдайда жүзеге асырылады:
  • Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін Компанияның мүдделерін мейлінше жоғары дəрежеде көрсететін тəсілдерді пайдалана отырып, адал орындау;
  • Шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасын жəне Компания Жарғысын басшылыққа алу;
  • Сырқаттануды, демалысты, іссапарларды қоспағанда Компания Директорлар кеңесінің бас қосқан отырыстарына қатысу жəне барлық сырттай отырысына қатысу.