Директорлар кеңесінің мүшелеріне тренингтер өткізу туралы ақпарат

Компанияда «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктіліктерін арттыру және «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі сыртқы сарапшыларды тарту саясаты қолданыста, оның мақсаты Директорлар кеңесі мүшелерінің машықтары мен біліктіліктерін дамытудың жүйелі, құрылымды және айқын механизмін енгізу жолымен және егер Директорлар кеңесі шешетін мәселелер сыртқы кәсіби және тәуелсіз сараптаманы талап ететін жағдайда сыртқы сарапшыларды тартуға олардың құқығын іске асыру жолымен Компания Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін арттыру және шешімдерін ақылға салу болып табылады.

2012 жылғы мамырда «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобы тәуелсіз директорларының жыл сайынғы кездесулері аясында тәуелсіз директорлар Дэниел Михалик пен Мустафа Хабиб топтық басқару, қаржылар және есептілік, HR, сатып алулар және инновациялар бойынша сессияларға қатысты.

Оқу барлық қатысушыларды белсенді тартады және топтық заңнамамен, директорлар кеңесінің институтымен, компанияны басқаруда оның рөлімен, директорлар кеңесінің жанындағы комитеттердің жұмысымен байланысты ең маңызды мәселелерді қарай отыра семинар түрінде өткізілді.

2012 жылғы қарашадағы Директорлар кеңесінің мүшелері Қайыргелді Қабылдин, Дэниел Михалик пен Мустафа Хабибтің қатысуымен «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобының тәуелсіз директорлары отырысының барысында қазынашылық операциялар, бюджеттік жоспарлау, топтық басқару, заңнаманы жетілдіру саласындағы мәселелер талқыланды.

2013 жылғы мамырда «Самұрық-Қазына» Қоры тобында синергия мәселелерін, жаңа кадр саясатын, топтық заңнаманы жетілдіру, Халық IPO-сын қарау мақсатында «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобының тәуелсіз директорларымен кезекті отырыс өткізілді.

Қаржылық басқарумен, топтық басқаруда ішкі аудиттің рөлімен байланысты бірнеше мәселе қаралды.

Әр сессияның аясында кадрлар және сыйақы, стратегиялық даму және ішкі аудит жөніндегі комитеттердің жұмысын нығайту жолымен компанияның дамуына әр директордың рөлі мен үлесі талқыланды.

Ұлыбритания директорлар институты және Ресей тәуелсіз директорлар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің қызметін бағалау мәселелері бойынша жеке сессия жүргізілді.