Директорлар кеңесінің комитеттері

Директорлар Кеңесінің стратегиялық жоспарлау Комитеті

Стратегиялық жоспарлау Комитеті директорлар Кеңесіне Компанияны дамыту және басқару стратегиясының сұрақтары мен директорлар Кеңесімен бекітілген стратегиясының орындалу тиімділігін бағалау бойынша ұсыныстарын дайындайды.

Стратегиялық жоспарлау Комитетінің құрамы:
  • Винишиус Агостини – Комитеттің төрағасы;
  • Алмасбек Мұқашов – Комитеттің мүшесі;
  • Адриан Фрейсине – Комитеттің мүшесі.
Стратегиялық жоспарлау комитеті туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    94.33Кб    31.08.2020    111

Директорлар Кеңесінің ішкі аудит Комитеті

Ішкі аудит Комитеті директорлар Кеңесіне ішкі және сыртқы аудит, тәуекелді басқару мен ішкі бақылау сұрақтары бойынша көмек көрсетеді. Сонымен қоса ішкі аудит Комитетінің міндеттеріне Компанияның аудиторларымен бірге Компанияның қаржы есеп-қисапты талдау мен талқылау, Компанияның сыртқы аудиторларының тәуелсіздігі бойынша бақылау, қаржы есеп-қисаптың дайындау процесін, ішкі жүйені бақылау тиімділігі мен Компанияның тәуекелді басқарудың ішкі жүйелердің тиімділігін бақылау және қаржы есеп-қисаптың алдын ала мақұлдау жатады.

Ішкі аудит Комитеттің құрамы:
  • Адриан Фрейсине – Комитеттің төрағасы;
  • Винишиус Агостини – Комитеттің мүшесі;
  • Алмасбек Мұқашов – Комитеттің мүшесі.

Директорлар Кеңесінің кадрлар және сыйақылар бойынша Комитеті

Кадрлар және сыйақылар Комитетінің өкілеттігіне директорлар Кеңесіне директорлар Кеңесінің мүшелерін, Басқарма мүшелерін, топтық хатшыны тағайындауға, бағалауға және сый беруге көмектесу, кадрлық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету, Басқарма мүшелеріне сый беру бойынша өз ұсыныстарын беру, тәуелсіз директорлар мен Басқарма мүшелері және Компанияның басқа жұмысшылары үшін кәсіптік талаптар дайындау, директорлар Кеңесіне тәуелсіз директорларға, Басқарма мүшелеріне кандидаттары бойынша ұсыныстарын беру және директорлар Кеңесінің, директорлар Кеңесінің комитеттерінің, Басқарманың қызметіне бағалау кіреді.

Кадрлар және сыйақылар Комитетінің құрамы:
  • Алмасбек Мұқашов – Комитеттің төрағасы;
  • Винишиус Агостини – Комитеттің мүшесі;
  • Адриан Фрейсине – Комитеттің мүшесі.
Стратегиялық жоспарлау комитеті туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    94.33Кб    31.08.2020    69