Тәуекелдерді топтық басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесі

«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның стратегиялық және операциялық мақсаттарына жетуде кері әсер ететін әлеуетті тәуекелдік жағдайларды төмендетуге және уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингке бағытталған топтық басқару жүйесінің негізгі құрауыштары ретінде тәуекелдерді топтық басқару жүйесінің (бұдан әрі - ТТБЖ) және ішкі бақылау жүйесінің (бұдан әрі - ІБЖ) даму маңыздылығын түсінеді.

ТТБЖ-ны және ІБЖ-ны жетілдіру бірнеше себепке байланысты Қоғамның тиімді қызметінің маңызды мәселесі бола алады:
  • Басшылыққа сенімді ақпаратты ұсыну және нәтиже ретінде ойластырылған әрі негізделген басқарушы шешімдерді қабылдау;
  • Компания активтерін және шаруашылық қызметтің тиімділігін сақтауды қамтамасыз ету;
  • Барлық саясат пен рәсімнің, сондай-ақ заң актілері мен талаптардың белгіленген тәртіпте сақталуына сенімділіктің болуы.
Қоғам компания құнының өсуі, оның түсімі мен тәуекелдері арасында оңтайлы теңгерімге жету үшін ұйымдастырушы шаралардың, әдістердің, рәсімдердің, топтық мәдениет нормалары мен әрекеттердің жиынтығын қолдана отырып ТТБЖ-ны және ІБЖ-ны дамытады және жетілдіреді.

Тәуекелдерді топтық басқару жүйесі

Бекітілген Тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес Қоғам тәуекелдерді басқарудың топтық тәсілін, нақты айтқанда – тәуекелдерді Компания бойынша басқаруды қабылдады, ол дегеніміз Қоғам мен оның еншілес және бірлескен-бақылаудағы ұйымдар (бұдан әрі - ЕББҰ).

Қоғам тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай әдіснамалық базаны қалыптастырды, Компания тәуекелдері жіктеуішін бекітті, тәуекелдерді шектеу тәжірибесін енгізді, нақты айтқанда: қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштерде тәуекел шегін және негізгі тәуекелдерге қатысты төзімділік деңгейін анықтау, банк-контрагенттеріне шектеу қою, сондай-ақ негізгі тәуекел көрсеткіштерін әзірлеу.

Қоғам қызметі тәуекелдердің әр түрінің әсеріне бейімделген. Қоғам тәуекелдерінің жіктеуішіне сәйкес Қоғамның ең маңызды тәуекелдеріне мыналар жатады:
  • Апаттар (техногендік сипаттағы)
  • Апаттар (табиғи сипаттағы)
  • Еңбекке жарамсыздыққа немесе өлімге әкелген өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалар
  • Экологиялық тәуекелдер (шағымдар және әкімшілік айыппұлдар)
  • Мұнайдың төмендеуі және оның жеткізуін тоқтату
  • Қоғам активтерін әдейі қымқыру немесе жою тәуекелі
  • Стратегиялық серіктестер тәуекелдері
  • Валюталық тәуекел
Қоғамда жыл сайын Тәуекелдерді басқару бағдарламасы жаңартылады, оған тәуекелдер тізілімі және тәуекелдер картасы, тәуекел-тәбеті туралы арыз, негізгі тәуекелдерге төзімділік деңгейі, негізгі тәуекел көрсеткіштері және әр тәуекел бойынша оның деңгейін төмендететін іс-шаралар әзірленген, сондай-ақ оларды орындау мерзімі мен жауапкершілігі белгіленген Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары кіреді.

Бұдан басқа, тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды орындауға үнемі мониторинг жүргізіледі және негізгі тәуекелдердің серпіні мен Негізгі тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы есеп тоқсандық негізде Басқармаға және Қоғам Директорлар кеңесіне ұсынылады.

Ішкі бақылау жүйесі

ІБЖ Қоғам қызметіне тән үдеріс деңгейінің тәуекелін уақтылы анықтауға және талдауға бағытталған, сондай-ақ осы тәуекелдерді ІБЖ үш негізгі саласында басқару бойынша бақылау рәсімдерін анықтау және талдау: оперциялық қызмет, қаржы есептілігін дайындау және заңнамалық пен нормативтік талаптарды сақтау.

ІБЖ-ны әрі қарай енгізу және жетілдіру мақсатында Қоғам ІБЖ-ны реттемелейтін мына ішкі құжаттарды әзірледі және бекітті:
  • Ішкі бақылау саласындағы даму бағыттары, мақсаттары мен қағидаттары туралы өтінішті қамтитын ІБЖ саясаты және ІБЖ-ны жетілдіру мен дамыту бойынша басшылардың жалпы көзқарастары.
  • ІБЖ субъектілерінің өзара әрекетін анықтайтын ІБЖ регламенті және ІБЖ-ны ұйымдастыру, қызмет істету және тиімді болуына жауапкершілікті бөлу.
Қоғам ІБЖ-ны құжаттандыру бойынша мына жұмыстарды жүргізді:
  1. Қоғам орталық аппаратының, филиалдар мен мұнай құбырлары басқармаларының деңгейінде Бизнес-үдерістер жіктеушілері әзірленді және бекітілді;
  2. Қоғам орталық аппаратының, филиалдар мен мұнай құбырлары басқармаларының негізгі бизнес-үдерістері бойынша тәуекелдердің және бақылаудың блок-сызбалары мен матрицалары әзірленген және бекітілген.